Заң • Бүгін, 11:21

Субсидияны жымқырып, казиноға жұмсаған: Талдықорғанда зауыттың экс-директоры сотталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында бұрынғы «G.» ЖШС директоры Ж. есімді азамат 2022-2023 жылдары аталған аймақ пен Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармаларына өңдеу үшін алынған шикі сүттің құнын асыра көрсетіп, жалған құжат ұсынған, деп жазады Egemen.kz.

Субсидияны жымқырып, казиноға жұмсаған: Талдықорғанда зауыттың экс-директоры сотталды

Фото: Жоғарғы сот

Ұсынылған құжаттардың негізінде серіктестікке жалпы сомасы 333 917 107,5 теңге көлемінде субсидия аударылған. Десе де, серіктестік құжатта көрсетілген міндеттерді орындамай, бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсаған.

3 млрд теңгеден астам залал: Қостанайда субсидияны заңсыз иемденген қылмыстық топ сотталды

«Сот Ж.-ны кінәлі деп танып, жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, сотталушының жеке басы туралы деректерді, сондай-ақ жеңілдететін мән-жайларды (шынайы өкінуі, кәмелетке толмаған балаларының болуы) және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Осыған байланысты айыпталушыға 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 7 жыл мерзімге коммерциялық және өзге ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», делінген Жетісу облысы соты таратқан хабарламада. 

Субсидияны заңсыз рәсімдеген: Түркістан облысында кооператив басшысы 4 жылға сотталды

Айта кетейік, 2025 жылы сот шешімімен зауыттың қызметіне тыйым салынған. Сол кезде күдіктінің заңсыз алынған субсидияның 110 млн теңгесін казиноға жұмсағаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар