Фото: Абай облысы ТЖД
Оқиға Алакөл көлінің жағалауында патрульдеу кезінде болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері көмекке мұқтаж адамдарды байқап қалған. Қатты жел мен биік толқынның салдарынан жағалаудан шамамен 50 метр қашықтықта 1991 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған қызы суға бата бастаған. Олар шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.
Ақтау маңындағы «Көгілдір шығанақта» екі жас жігіт суға батып кетті
Әскери қызметшілер бірден құтқару жұмыстарына кірісіп, оларға жағалаудағы куәгерлер де көмектесті. Бірлескен күш-жігердің арқасында суға батып бара жатқан екі адам да судан шығарылды. 13 жастағы қыз дер кезінде құтқарылып, оның өміріне қазіргі уақытта қауіп төніп тұрған жоқ. Ал анасын аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері әйелдің қайтыс болғанын растады.
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
«Құтқарушылар азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы жағдайын міндетті түрде ескеруге және жабдықталмаған әрі шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу өмірге тікелей қауіп төндіретінін есте ұстауға шақырды», делінген ақпаратта.
Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті