• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қыркүйек, 2021

Пентагон: Панджширдегі ауған соғысына АҚШ араласпайды

135 рет
көрсетілді

АҚШ Ауғанстанның Панджшир провинциясында Талибан қозғалысына қарсы қарулы күрес жүргізіп, жергілікті күштерге әскери қолдау көрсеткісі келмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вашингтонның Ауғанстандағы Талибанға қарсы күрес жүргізіп жатқан провинцияларына қолдау білдіретін жоспарлары жоғын аңғартты.

«АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери операциясы аяқталды», деді Пентагон өкілі Джон Кирби. 

Кирби АҚШ-тың Ауғанстандағы құрбандары мен әскери шығындарына назар аударды. 

«Біз даладағы ауған күштерінің мүмкіндіктері мен құзыреттілігін нығайтуға көмектестік», деді ол сөз соңында.