• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Қыркүйек, 2021

QazCovid-in вакцинасын сақтау тәртібі бекітілді

355 рет
көрсетілді

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қисяовтың 3 қыркүйектегі Қаулысы бойынша QazCovid-in вакцинасын егу және сақтау тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«QazCovid-in вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι сыныптағы түссіз шыныдан жасалған құтыда болады», деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ қаулыда вакцина құтысы келушілердің саны ішіндегі доза санына сәйкес реттеліп ашылатыны айтылған. Бір рет инемен тесілген құтыдағы артылған вакцинаны тиісті температурада 4 сағат бойы сақтауға болатыны көрсетілген.

«Инемен тесілген орнын спиртпен өңдеп, вакцина дозасын алғаннан кейін ішінде вакцинасы бар ашылған құтыны бірден құтыда ашылған уақытын көрсете отырып, температурасы плюс 2-ден плюс 8ºС-қа дейінгі тоңазытқышқа орналастырады. Бұл ретте вакцинаның ашылған құтысын 4 сағатқа дейін сақтауға жол беріледі», деп жазылған Қаулыда.