• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қыркүйек, 2021

Боксшы қыз нокауттан кейін қайтыс болды

364 рет
көрсетілді

18 жастағы мексикалық боксшы қыз Жанетта Закариас Сапата  кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуінде нокаут алғаннан кейін бес күннен соң қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Сапата қыздар арасында жартылай орта салмақта өнер көрсеткен. Өткен демалыс күні оны канадалық боксшы Мари-Пьер Уль төртінші раундта нокаутқа түсірді. Монреальда болған бұл жағдайдан кейін Сапатаны бірген емханаға алып кеткен. Бірақ ол емханада бес күннен кейін қайтыс болған. 

Бұл Жанетта Закариас Сапата кәсіпқой бокстағы алтыншы кездесуі еді. Мексикалық боксшы 15 жасында кәсіпқой бокстағы карьерасын бастаған. Ол екі кездесуде жеңіске жетіп, төрт кездесуде жеңілген.