АҚШ президенті 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактілерді тергеуге қатысты құжаттарды жариялауды бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақ үйге сілтеме жасап.
«Мен осы қайғылы күннің 20 жылдығына орай «11 қыркүйек» оқиғасы бойынша ФТБ тергеуіне қатысты құжаттардың құпиялығын жоюды қамтамасыз ету үшін Әділет департаменті мен басқа да мекемелерге бұйрық бердім», деді Байден.
Ол президенттік сайлауға түсерде «2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі Америкаға жасалған террористік актілерге қатысты құжаттарды ашуға қатысты ашықтықты қамтамасыз етуге» уәде бергенін еске алды.