Нұр-Сұлтанда онлайн-конференция өтті. Жиынбарысында Мемлекет Басшысы Қ. К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараға барлық өңірлердегі «Отандастар қоры» КЕАҚ фронт-кеңселерінің өкілдері мен қандастар қатысты.
Талқылау барысында ҚР Президентінің көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі бастамалары атап өтілді.
Осылайша, қатысушылар оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға жәрдемақыларды бөлу тәсілдерін қайта қарау, сондай-ақ қоныс аударушы азаматтарға үй салу, ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарау, жайылымдық алқаптарды бөлу механизмдерін қайта қарау қажет екендігімен келісті.
Қатысушылар Президенттің Жолдауы тарихи отанына келген қандастардың бейімделуіне ықпал ететін өзекті мәселелерді көтереді деген пікірге келді.
Іс-шараны ҚР АҚДМ қолдауымен «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастырды.