• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Президент 06 Қыркүйек, 2021

Үлкен бетбұрыс үрдістері

196 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы қоғамдағы күрделі мәселелердің шешімін айқындап, бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Президент мемлекетті нығайту кезеңіне басты назар аударып, ірі саяси реформаларды жүзеге асырып келеді.

Халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы саяси рефор­малардың бір көрінісі былтырғы зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігін ұсынуы нақты нәтижеге қол жеткізді. Бұл халықтың жағдайының неғұр­лым түзелуіне оң әсерін тигіз­ді. Сонымен қатар жердің шетел­діктерге сатылуына тыйым салынып, қол қоюы да халықтың көңіліндегі күдігін сейілтті. Дегенмен қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың да төбе көрсетіп жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидиянның талан-таражға түскенін айта келіп, бұдан былай субсидияны рәсімдеу ашық әрі қолжетімді болатынын ескертті.

«Әлеуметтік бағдарла­маларды жеке мүд­десіне пай­даланғандар, ұлттық эконо­микаға пайда әкелмейтін жобаларға қаражаттардың бөлі­нетіндігіне тоқтау болады, мемлекет банк­терге көмек бер­мейді», деді Президент.

Ғылымды дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, экология, ауыз су мәселелерінің ше­ші­мін табу мақсатында Үкіметке тапсырмалар берді.

«Хан қасында ақылды би болса, қара жерде кеме жүргізеді». Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында сая­си жүйенің жаңа формула­сын ұсынады. Жаһандық кезең­де бас сауғалаудың мүмкін еместі­гіне көз жеткізіп отырмыз. Жүз мың­даған жоғары білікті ІТ-маман­дардың тапшылығы қоғам дамуын тежейтіні де рас. Жолдаудағы мақсат-мүдде – үлкен бетбұрыс! Күшті Президент – ықпалды Пар­ламент – есеп беретін Үкімет болғанда төрт аяғы тең түсеті­ніне сенім мол.

 

Роза МҰҚАНОВА,

жазушы-драматург,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты