• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Қыркүйек, 2021

Тұрғындарды 12 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

297 рет
көрсетілді

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қаскүнем «OLX» хабарландыру сайты арқылы автокөліктерді бір тәулікке жалға алып, кейін оларды басқа азаматтарға сатқаны анықталды. Жас жігіт осындай жолмен 12 млн теңгеден астам сомаға 7 адамды алдаған.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.