• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қыркүйек, 2021

Қарағандылық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарды

138 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы Мұстафин атындағы кенттің полиция бөліміне шұғыл хабарлама түсті. Жүк көлігінің мас жүргізушісі бағанадағы салбырап тұрған телеофон сымына асылмақ болған. Оқиға орнына  тергеу-жедел тобы жетті, деп жазады Egemen.kz.

Куәгерлердің айтуынша, көлік көшенің соңына дейін жетіп, содан кейін көзге көрінбей кеткен. Елді мекеннің шетіне шығып, олар далада екі шақырым қашықтықта кузовы көтерілген самосвалды көрген.

«Біз көлікке жақындаған кезде бір адамды көрдік. Ол көліктің кузовына байланған арқан ілмегіне асылып тұрды. Оны бірден шығарып, жерге жатқыздық. Ер адам есінен танып қалды, бірақ алғашқы көмектен соң тыныс ала бастады. Бірнеше минуттан кейін дәрігерлер келіп, ер адамды ауруханаға жеткізді», дейді тергеуші Т. Жолдасбек.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп жоқ. Анықталғандай, самосвал жүргізушісі Теміртау қаласының 39 жастағы тұрғыны бір күн бұрын әйелімен жанжалдасқан. Жағдай ушығып, ажырасу мәселесі туындаған.

Полицейлер дер кезінде араласып, суицидтің алдын алды.