• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қыркүйек, 2021

БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруға уәде берді

682 рет
көрсетілді

«Талибан» лаңкестік қозғалысының өкілдері (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуге уәде бергенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Талибан саяси кеңсесінің басшысы Молла Абдул Гани Барадардың айтуынша, радикалды қозғалыс өкілдері БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитспен кездесті. БҰҰ өкілі ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруға уәде берді.

«БҰҰ делегациясы кездесу кезінде Ауғанстанға одан әрі көмек көрсетуге шақыратынын мәлімдей отырып, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруға міндеттеме алды»,  деді кездесуді ұйымдастырушы Сухаил Шахин.Шахиннің айтуынша, Талибан БҰҰ делегациясын «ынтымақтастық пен қажетті объектілермен қамтамасыз етуге» сендірді.

БҰҰ 13 қыркүйекте Женевада Ауғанстанға көмек көрсету бойынша халықаралық конференция шақырады деп күтілуде.