• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Қыркүйек, 2021

Төрт жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті

496 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

4 жасар бала анасымен бірге туыстарының үйінде болған. Ол жатын бөлмеде ойнап жүрген.

Болжам бойынша, бүлдіршін кереуеттің шетіне сүйеніп, терезеге көтерілген. Терезедегі москит торына сүйенген бала 6-қабаттан құлады. Кейінірек ұлын іздей бастаған ана терезенің ашық екенін байқап, баласының ауладағы жерде жатқанын көрген», деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Бала жансақтау бөліміне жеткізілді, бірақ оның алған жарақаттары тым ауыр болып, дәрігерлер өмірін құтқара алмады.