25 Қаңтар, 2014

Алғашқы көмек – орны бөлек

400 рет
көрсетілді

 

Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауында денсаулық сақтау сала-сындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту екенін баса айтты. Жақында ғана Алматы қаласында бірқатар шет мемлекеттерден келген білікті медицина мамандары бас қосып, осы саланың маңызды мәселелерін талқылаған болатын. Бұл іс-шара дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесінде қабылданған Алматы декларациясы аясында өтті. Алматы декларациясы дегеніміз не? Оның әлемдік медицинадағы салмағы, маңызы қандай? Біз бұл туралы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының (ОҚМФА) ректоры, профессор Бақытжан СЕКСЕНБАЕВТАН сұраған едік.

 

Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауында денсаулық сақтау сала-сындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту екенін баса айтты. Жақында ғана Алматы қаласында бірқатар шет мемлекеттерден келген білікті медицина мамандары бас қосып, осы саланың маңызды мәселелерін талқылаған болатын. Бұл іс-шара дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесінде қабылданған Алматы декларациясы аясында өтті. Алматы декларациясы дегеніміз не? Оның әлемдік медицинадағы салмағы, маңызы қандай? Біз бұл туралы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының (ОҚМФА) ректоры, профессор Бақытжан СЕКСЕНБАЕВТАН сұраған едік.

– Осыдан 35 жыл бұрын әлемнің 157 елі бастап­­­қы медициналық-санитарлық көмектің (БМСК) даму басымдығын анықтап және оны дүние­­­жүзілік денсаулық сақтау жүйесіне негіздеп, Алматы декларациясын қабылдаған болатын, – дейді бізбен әңгімесінде Бақытжан Дерібсәлі­­ұлы. – 1978 жылы орын алған бұл тарихи оқиға, яғни Алматы декларациясы әлемнің көпте­ген елдерінің Ұлттық стратегиясы ретінде қарасты­рылды. «XX ғасырдың ұлы хартиясы» деп аталатын бұл құжаттың негізгі идеясына халықтың барлық деңгейлеріне медициналық көмектің қолжетімділігі, өлім-жітімді азайту және адам өмі­рінің ұзақтығын арттыру жатады. Бұл құжат уа­қыт сынынан өтіп, баға жетпес дүниеге айналды.

Жақында Алматы қаласында БМСК бойынша Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық конференциясы өтті. Айтулы іс-шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропа аймақтық бюросының директоры Жужанна Жакаб, ДДҰ аймақтық кеңсесінің 5 директоры, ЮНИСЕФ штаб-пәтерінің директоры Николас Алипуи, денсаулық сақтаудың халықаралық сарапшылары, денсаулық сақтау министрлері, жалпы алғанда әлемнің 58 елінен өкілдер қатысты.

– Алматы декларациясының әлемдік медицинада алар орны қандай?

– Әлемдік медицинаның дамып келе жатқа­нына қарамастан, кейбір елдерде әлі де ақ халатты абзал жандар бірлесіп әрекет жасай алмай жатқанын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мойындайды. Әрине, бірлесіп атқарған іс қашанда нәтижелі болмақ. Алматы декларациясына сәйкес БМСК бұл халық денсаулығын үздіксіз қорғайтын бірінші үдеріс боп табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастапқы медициналық-санитарлық көмекті мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесінің орталық қызметі ретінде қарастырады. БМСК өз жұмысында мынандай элементтерді: тұрғындар арасында көп тараған патологиялық күйлер туралы және олардың профилактикалық әдістері; ана мен бала денсаулығын қорғау, соның ішінде отбасын жоспарлау; негізгі жұқпалы дерттерге қарсы иммунизация; көп таралған дерттерге және жарақаттарға сәйкес ем; негізгі дәрі-дәрмекпен қам­тылуы және т.б. мәселелер жөнінде жоғары дең­гейде хабардар болуды қамтуы қажет. Бүгінгі күні қабылданған декларация өзінің қолдануын қазіргі заманның негізгі бағыттарында, яғни алдын алу мен скринингтік зерттеулерден тауып отыр. Денсаулық – ұлттың өркендеуінің негіз­гі өнімі болып табылады. «Медициналық көмек­тің қол­­жетімділігін және сапасын қамту денсау­лық сақ­таудың отандық моделінің негізгі страте­гия­­­лық міндеті болып табылады. Мен, бұл кон­ферен­­­ция әлемдік денсаулық сақтаудың маңыз­ды мәсе­­­леле­рін шешуде жаңа бағыт табудың ізде­­­нісінде негіз­гі қадам болатынына сенімді­мін», – деп Елбасы Н.Назарбаев конфе­рен­­цияның барлық қаты­сушыларына табысты жұмыс тіледі.

– Арада 35 жыл өтсе де бұл құжат әлі маңызын жоймаған екен. Әйтсе де медицинада күн сайын жаңалық, бұл конференцияда қандай мәселелер көтерілді?

– Бұл конференцияда ДДҰ-ның Еуропалық бюросының директоры Жужанна Жакаб декларация философиясы мен тәсілнамасы өзекті болып қалады деп атап өтті. Шынында елімізде соңғы жылдары балалар өлімі көрсеткішінің төмендеуі Алматы декларациясы қағидаларының орындалуының нақты мысалы болып табылады. Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтың басқа мемлекеттері сияқты Қазақстанның да алдында жаңа міндеттер тұр. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыра отырып, біздің ел оның өзекті басымдықтарын орындауды – медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды, ауруға шалдығудың алдын алудың рөлін күшейтуді, халықтың саламатты өмір салтын ұстануын көздейді. Литва Республикасының Денсаулық сақтау министрі Витянис Андрюкайтис медициналық қызметті жетілдіруде басқа да ресурстар барын айтып, бұл саланы әлі де жетілдіре түсу қажет және ол үшін Қазақ­станның тәжірибесін пайдалануға әбден болатынын жеткізді.

Жалпы алғанда, бұл конференция Алматы хартиясының одан әрі дамуына, яғни әлемнің әр азаматы денсаулығын сақтауға құқы бар екеніне және бастапқы медициналық-санитарлық көмектің қазіргі жағдайына арналды. Біздің тәуелсіз елімізде дертті ерте, дер кезінде анықтау үшін 12 скринингтік бағдарламалар енгізілді, мейірбике орнының маңыздылығын күшейту бойынша жұмыс жалғастырылуда. Жұқпалы емес аурулардың алдын алуға мүмкіндік беретін дерттерді басқару бағдарламасын жүзеге асыру басталуда. Бірінші рет пневманиялық көкжөтел ауруы­на қарсы балаларға вакцина екпесі енгізілді.

– Сіз басқарып отырған білім шаңырағы осы декларацияның іске асуына қандай үлес қосуда?

– Қазіргі кезде еліміздің денсаулық сақтау саласында БМСК-ті жетілдіру басым бағыт екенін атап өткен дұрыс. Соңғы жылдары Қазақстан айтарлықтай экономикалық ілгерілеуге жетті, нәтижесінде денсаулық сақтау саласы елеулі қаржыландырылды, әрі оның әрі қарай дамуының келешегі жасалды. Елба­сы­ның тапсырысына сай 2011-2015 жылдары­на арналған «Саламатты Қазақстан» мемле­кет­тік бағдарламасы аясында жаңа сапалы даму дең­гейін көтеру мақсатында пациентке бағыт­тал­ған бастапқы медициналық-санитарлық көмекті көрсетудің технологияларын түпкілікті өзгерту арқылы денсаулық сақтау жүйесін кешенді жетілдіру міндеттері қойылды.

Негізгі қағида – ем нәтижесіне жауапкер­­­­шілік­ті сақтай отырып, науқастардың сенімінен шығу. Республикада фармацевтикалық және меди­циналық білім жүйесі де жетілдірілуде. Ұйымдастырушылық дағдылардың, тәжірибелік, клиникалық машықтанулардың, жекеленген психологиялық кеңестер іскерлігінің дамуына кеңірек көңіл бөлініп, тәжірибелі дәрігерді дайындау бойынша жаңа мемлекеттік стандарттар қа­былданды. Жалпы, тәжірибелі дәрігерлерді оқы­­туда, жоғары кәсіптік біліктілік деңгейіне жет­кізетін қазіргі заманауи дәрігерлер білімінің үз­дік­сіз жүйесінің қалыптасуына ОҚМФА про­фес­сор-оқытушылар құрамы өз үлестерін қосу­да.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.