• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 07 Қыркүйек, 2021

Игі бастамаларға қолдау білдірді

183 рет
көрсетілді

Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Отандастар қоры» КеАҚ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін талқылауға арналған онлайн-конференция өткізді.

Іс-шараға барлық өңірлердегі «Отан­дастар қоры» КеАҚ фронт-кеңселерінің өкіл­дері мен қандастар қатысты. Тал­қы­лау барысында Президенттің көші-қон сая­са­тының жаңа тұжырым­дамасын әзір­леу жөніндегі бастамалары атап өтілді.

Осылайша, қатысушылар оңтүс­тік­тен солтүстікке қоныс аударған аза­мат­тарға жәрдемақыларды бөлу тәсіл­дерін қайта қарау, сондай-ақ қоныс ауда­рушы азаматтарға үй салу, ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарау, жайылымдық алқаптарды бөлу механизмдерін қайта қарастыру қажет екендігімен келісті.

Қатысушылар Президенттің Жол­дауы тарихи отанына келген қандас­тар­дың бейімделуіне ықпал ететін өзекті мәселелерді көтерді деген пікірге келді.

 

«Егемен-ақпарат»