Мәскеудің батысынан аузына кірпіш сұғылған өзбекстандық мигранттың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Өзбекстаннан келген 31 жастағы ер адамның денесі Очаковский зауыты маңындағы автотұрақтан табылды», делінген хабарламада.
Оқиға мәйіт табылғанға дейін шамамен екі күн бұрын болған.
Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі жоғарыда аталған ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ.