• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2021

Сегіз тоннадан астам балық аулаған браконьерлер ұсталды

164 рет
көрсетілді

Бұқтырма су қоймасының жағасында Сарыбел ауылының маңында балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Рипус түріндегі балықты заңсыз өндірумен айналысқан 48 және 49 жастағы ер адамдар ұсталды. Шығын 359 841 теңгені құрады.

Оқиға орнынан тәртіп сақшылары салмағы 102,8 кг рипус балығын, ВАЗ автокөлігін, автокөліктің тіркемесін, моторлы қайықты, ұзындығы 80 метр синтетикалық желіні тәркіледі.

Жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерімен 1190 рейдтік іс-шара өткізіліп, нәтижесінде 1258 экологиялық құқықбұзушылық анықталды, олар бойынша 40 сотқа дейінгі тергеу басталды және 1218 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 8052 кг заңсыз ауланған балық, сондай-ақ 318 құқықбұзушылық құрал тәркіленді.

Бұдан басқа, заңсыз дайындалған 141,8 текше метр ағаш тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 20 млн теңгені құрады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағы «балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.