• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қыркүйек, 2021

Тамыздағы құрғақшылық бес жылдық «рекордты» жаңартты

1176 рет
көрсетілді

Тамыздағы құрғақшылық бес жылдық «рекордты» жаңартты. Жауын-шашынның таралуы бойынша мұндай құрғақ ауа райы соңғы рет 2014, 2016 жылдары болған. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бір ай ішінде Қазақстанның басым бөлігінде қалыптан тыс ыстық және құрғақ ауа райы байқалды. Ауаның орташа айлық температурасы тамызда республиканың көп бөлігінде, әсіресе батыс және оңтүстік аймақтарда климаттық нормадан 1-6°С жоғары болды. 2021 жылдың тамызы 2008, 2010, 2012, 2014, 2016 жылдардағы ауа температурасын қайталады. Жауын-шашынның таралуы бойынша мұндай құрғақ ауа райы соңғы рет 2014, 2016 жылдары байқалған.

Ең ыстық күндері батыс және оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +38, +46°С дейін жетті. Мысалы, Аққұдық метеостанциясында (Маңғыстау облысы) 8 тамызда ауаның ең жоғары температурасы + 45,7°С тіркелген. Бұл көрсеткіш 2011 жылы + 46,5 ° С болған еді.