• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Қыркүйек, 2021

Азық-түлік өндірісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленеді

373 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенді жобасы аясында 11 жедел мерзімді және 8 орта мерзімді іс-шара орындайды. Оның қатарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін сұранысы жоғары дақылдардың егіс алаңы мен көкөніс сақтау қуатын көбейту бар.

«Шикізат қорын дамыту үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ негізінде тұрақты жұмыс істейтін жемдік астық қорын қалыптастыруды, сондай-ақ, жемдік астық және ірі азықты әкетуге уақытша сандық шектеулер немесе тыйым салуды көздейтін Азық өндірісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленетін болады», деді вице-министр.