• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Қыркүйек, 2021

Қазақстандықтардың несие қарызы 8,6 триллион теңгеге жетті

263 рет
көрсетілді

Қазақстан бөлшек кредиттеуде айтарлықтай артта қалып отыр. Жұмыспен қамтылған бір адамға қарыздар сомасы бойынша рейтингте еліміз 41-ші орында, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда жеке тұлғалардың несиелері 8,6 триллион теңгеге (немесе шамамен 20 миллиард долларға) жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға артық. Халықтың тұтыну несиелері шамамен бес триллион теңгені (немесе 11,7 миллиард АҚШ доллары) құрады.

Жеке тұлғалардың қарыздарының орташа көлемі (кредиттердің барлық түрлерін қоса алғанда, оның ішінде үлкен салмағы бар ипотекалық қарыздар) жұмыспен қамтылған бір адамға 2,28 мың долларды құрады. Жұмыспен қамтылған қазақстандыққа тікелей тұтынушылық қарыздардың көлемі 1,32 мың долларға ғана жетті.

Қазақстан осы көрсеткіш бойынша басқа елдерден айтарлықтай артта қалып отыр. Мәселен, Trading Economics сарапшыларының деректері бойынша, әлемнің 45 ірі экономикасының ішінде Қазақстан жұмыспен қамтылған бір азаматқа қарыз қаржыландыру көлемі бойынша 41-орында тұр.

Бұл ретте көптеген елдер бойынша аталған рейтингте тек тұтынушылық кредиттер ескерілді, алайда кейбір елдер бойынша, мысалы, Қазақстан мен Ресейді қоса алғанда, халықтың барлық қарыздарының, оның ішінде ипотекалық және өзге де бөлшек сауда қарыздарының жалпы көлемі келтірілді. Тіпті бұл жағдайда да Қазақстанда жұмыспен қамтылған тұрғынға кредит беру көлемі Швейцария (202,3 мың доллар), Австралия (170,3 мың доллар), Норвегия (160,2 мың доллар), Франция (65,9 мың доллар) және т.б. сияқты қуатты кредиттік нарықтары бар дамыған елдерге қарағанда айтарлықтай төмен. Қазақстан да Қытайдан (бір жұмыспен қамтылғанға 10,1 мың доллар) едәуір артта қалып отыр, Ресейден (4,1 мың доллар) және Армениядан (2,3 мың доллар) кейін қалып отыр.