• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қыркүйек, 2021

Балық қорғаушылары браконьерлерге қолдау көрсеткен

178 рет
көрсетілді

Атырауда браконьерлерді қанатының астына алып, қолдау көрсеткен балық қорғау инспекциясының қос қызметкері қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Олардың бірі балықшылармен Теңізден қайтып келе жатып ұсталған. Моторлы қайық мінген күдіктілерден 50 су маржаны тәркіленген. Ал екінші қызметкер өз үйінде қолға түскен. Тінту барысында үйінен бағалы балық табылған.

Қос қызметкер де браконьерлерге қолдау көрсетіп, әр рейдтік шара туралы ақпараттандырып отырған. Сондай-ақ олардың Теңізге еш кедергісіз шығуына жағдай жасапты. Ол үшін сыйақы да алған. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қазір Жайық-Каспий бассейні балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын растап отыр.