• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанда уақытша үкімет құрылады

156 рет
көрсетілді

«Талибан» қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид тәлібтерге бағынбай отырған Панджшерді толықтай басып алған соң Ауғанстанның жаңа үкіметі жарияланатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ол Кабулда өткен арнайы баспасөз конференциясында Ауғанстанда уақытша үкімет құрылатынын, қазір олардың басшылары кім болатынын жариялауға дайындық жүріп жатқанын жеткізді.

«Жаңа үкіметтің қай күні құрылатыны және толық мәліметтер жақын арада хабарланады», деді Муджахид.

Сонымен қатар ол үкімет жан-жақты болатынын айтып, өтпелі кезеңдегі ауған халқына үміт отын ұялатты.

«Бұрынғы әскери шенеуніктер жаңа үкіметтің қауіпсіздік органдарына шақыртылады. Сондай-ақ көрші елдермен тығыз байланыс орнатамыз деген үміттеміз», деді З. Муджахид.