• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қыркүйек, 2021

АҚШ елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

235 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер дипломатиялық миссиясын аяқтайды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозермен кездесті. Сонымен қатар әкім Алматыдағы АҚШ-тың жаңа бас консулы Кэролайн Сэвиджбен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылағанын жазды.

Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып 2019 жылдың ақпанында тағайындалған. 2011-2015 жылдары АҚШ-тың Молдовадағы елшісі болған.

«Өкілеттік мерзімінің аяқталуы - барлық елшілер үшін қалыпты процесс. Қазіргі уақытта бізде Елші Мозердің Қазақстаннан кету жоспарлары туралы түсініктеме жоқ. Біз ресми ақпарат болған кезде барлық БАҚ-ты хабардар етеміз», деп мәлімдеді Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі.