• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қыркүйек, 2021

Талибан наразыларды тарату үшін оқ жаудырды

290 рет
көрсетілді

Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» қозғалысының содырлары Кабулда өтіп жатқан Пәкістанға қарсы наразы топты тарату үшін оқ жаудырды, деп жазады Egemen.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, 70-ке жуық адам Ауғанстан астанасындағы Пәкістан елшілігінің алдына жиналып, пәкістандықтарға қарсы плакат көтеріп, ұрандатқан. Олар пәкістандықтардың ауған ісіне араласуын айыптаған. Тәліптер шерушілерді тарату үшін аспанға бірнеше рет оқ атқан.

Tolo News хабарлағандай, наразы топ қолында «Пәкістан, Пәкістан, Ауғанстаннан кет» деген жазу болған.