Амстердамнан Куала-Лумпурға MH17 рейсімен ұшқан Malaysia Airlines авиакомпаниясының Boeing 777 апаты туралы шешім 2022 жылдың соңына дейін шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz MENAFN-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы төрағалық етуші судья Хендрик Стоенхуис мәлімдеді. Үкімнің болжамды күндерінің ішінде ол 2021 жылдың 22 қыркүйегі мен 22 желтоқсанын атап өтті.
Сотта MH17 апатынан қайтыс болғандардың 90-нан астам отбасы мүшелері - Нидерланды, Австралия, Малайзия, Индонезия және Канада азаматтары сөз сөйлейді. Алдын ала кестеге сәйкес сот тыңдаулары осы жылдың 7, 10, 13, 14, 16, 21, 23 және 24 қыркүйегінде өтеді.
Аталған іс бойынша төрт айыпталушы - өзін-өзі жариялаған ДХР (Донецк Халық Республикасы) бұрынғы Қорғаныс министрі Игорь Гиркин (Стрелков), генерал-майор Сергей Дубинский (Хмурый), полковник Олег Пулатов (Гюрза), сондай-ақ Украина азаматы Леонид Харченко (Крот). Олар Ресейден Украинаға Boeing 777 атылған зениттік-зымыран қондырғысын жеткізді деп күдіктенеді.
Еске сала кетсек, 2014 жылдың 17 шілдесінде Амстердамнан Куала-Лумпурға аттанған Malaysian Airlines рейсі апатқа ұшырады. Ол Донецк облысында, Ресей-Украина шекарасынан шамамен 50 шақырым жерде құлады.
Әуе кемесінде болған 300 адамның барлығы қайтыс болды.