Қаржы полициясының қызметкерлері кәсіпкерлерден пара алған еңбек инспекциясы басшыларын қолға түсірді. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.
Биылғы 22 қаңтарда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері құрылыс монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру барысында «Хайвилл» компаниясының нысанында болған жазатайым оқиғаға байланысты тексерудің қорытындысы бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін кәсіпорындардың бірінің өкілінен пара алған Астана қаласы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары - Астана қаласы бойынша бас еңбек мемлекеттік инспекторы Медетбековті ұстады. Қазіргі уақытта оған қылмыстық ісі қозғалып, қамауға алынды.
Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы еңбек инспекциясының басшысы М. Қаракекілевті, оның орынбасары А. Мақатовты және еңбек инспекциясы Жезқазған бөлімінің басшысы С.Әуезовті де қолға түсірді. Олар серіктестегі оқиғаға қатысты қорытынды шығару үшін жауапты тұлғадан 2 мың доллар алды деп айыпталуда.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Gazeta.kz.
Фото: Otyrar.kz.