• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2021

Жамбылдағы жарылыстан 118 нысан қираған

342 рет
көрсетілді

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде жарылыстан зардап шеккен аумақты қалпына келтіру барысы туралы өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Жамбылдағы жарылыстың салдарынан қираған ғимараттарды қалпына келтіру мен шығынды есептеу үшін әкімдік арнайы топ құрды. 5 жұмыс тобы осы жұмыстармен айналысады. Оның құрамында «ҚазҚСҒЗИ», жобалық ұйым өкілдері мен ТЖМ өкілдері бар», деді Ерлан Орынбаев.

Орынбаев атағандай, 47 нысанға «ҚазҚСҒЗИ» техникалық шешім шығарды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша жарылыстан 118 жеке жылжымайтын мүлікке зардап келген. Оның ішінде 106 тұрғын үй мен 12 коммерциялық ұйым. Оның ішінде 35 үй мен 12 коммерциялық ұйым айтарлықтай қираған. Бүгінде 12 мердігерлік ұйым қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. 23 техника мен 185 қызметкер жұмыс істеп жатыр. 71 тұрғын үй жеңіл қираған. Оның 43-інде жөндеу жұмыстары аяқталды», деді ол.

Өзге нысандарды жөндеу жұмыстары 1-1,5 ай ішінде аяқтау жоспарланған.

«4 әлеуметтік нысанға зиян келтірілген. Оның үшеуі мектеп болса, біреуі - медпункт. Жібек жолы ауылындағы орта мектеп айтарлықтай қираған», деді ол.