• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қыркүйек, 2021

БҰҰ журналистерге арналған байқау қорытындысын жариялады

260 рет
көрсетілді

БҰҰ-ның қазақстандық журналистерге арналған «Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау климаттың өзгеруі мәселесіне назар аудартуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Байқау барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 50-ден астам мақала ұсынылды.

«Барлық  мақала БҰҰ комиссиясының  мұқият іріктеуінен өтті. Бағалау оңай болған жоқ: бізге климаттың өзгеруі, биоәртүрлілік және экожүйені сақтау мәселелері туралы ой саларлық көптеген мақала түсті. Оларды креатив, зерттеу деңгейі және мемлекеттік қызметкерлердің, бизнестің және, ең бастысы, адамдардың назарын климаттың өзгеруіне бұрып, жәрдемдесуге қаншалықты шабыттандыратынына қарадық», деді Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.

БҰҰ конкурстық комиссиясы үш жұмысты үздік деп танып, ақшалай сыйақы берді. Атап айтқанда:

- І орын - Жанна Шаяхметова, The Astana Times, (Глазго Климаттық саммитіне сапар, құны 1 миллион теңге ваучер);

- ІІ орын - Зульфия Раисова, CABAR Asia (550 000 теңге сомасында ваучер);

- III орын - Дулат Төлепов, Елорда Ақпарат (350 000 теңге сомасында ваучер).

Сонымен қатар, байқауға қатысқан 12 журналист Қазақстандағы БҰҰ атынан сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.