• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2014

Украинадағы қарсылық акциялары бүкіл елді жайлап барады

250 рет
көрсетілді

Украинаның оппозиция жетекшілері президент Виктор Януковичтің саяси әріптестік туралы ұсынысын қабылдамаған соң қарсылық толқыны одан сайын көтеріліп, елдің шығысы мен оңтүстігіне де жетті. Бұл туралы Azattyg.org хабарлады.

Виктор Янукович оппозиция жетекшілеріне үкімет басқаруды ұсыну арқылы өз жақтастарын азайта тұра, қарсыластарын жақындата алмағанға ұқсайды.

Запорожье мен Днепропетровскіде мыңдаған демонстрант жергілікті әкімдіктер маңына митинг өткізуге жиналды. 27 қаңтарда Украинаның 10 облысы оппозицияның бақылауына өтті. Батыс аймақтағы наразылық білдірушілер жергілікті әкімдік ғимараттарын әлдеқашан басып алған. Ивано-Франковск, Тернополь мен Хмельницкий қалаларында билік демонстранттар қолына өтіп, жаңа әкімшіліктер Виктор Януковичтің Аймақтар партиясы мен Коммунистік партияның символдарын пайдалануға тыйым салатын қаулы да қабылдап үлгерген.Украина басшысы 22 қаңтар күні бекітілген кейбір заңдарды жұмсартатынын мәлімдеген еді. Алайда, ол сөзі демонстранттар мен милиция қақтығыстарының алдын ала алмаған сияқты. Екі ай бойы толастамай тұрған толқу кезінде үш адам өлді. Былтырғы қараша айының соңында Януковичтің Еуропа Одағымен серіктестік құру келісіміне қол қоймай, Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнату туралы шешімі Украинада жаппай наразылық туғызған.

Демонстранттар жиын өткізу тәртібін қатайту туралы заңның я түзетілгенін, я күшін жойылғанын күтуде. Оппозиция одан бөлек мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді, Юлия Тимошенко бастаған саяси тұтқындарды босатуды талап етеді.Бұл аралықта Виктор Януковичтің бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктерді қызметінен босатқаны туралы хабар тарады. 26 қаңтарда Украинаның қазіргі қорғаныс министрі Павел Лебедев әскери күштердің қақтығыстарға араласпайтынын мәлімдеді.«Армия Украинаның конституциясы мен заңдарына қатаң бағынады», – деді ол ИТАР-ТАСС агенттігіне.

Украина православиелік шіркеуініңбасшысы патриарх Филарет президент Виктор Януковичтің қолынан мемлекеттік награда алудан бас тартып, «адам өліп жатқан кезде марапатталу этикаға қайшы», – деп мәлімдеді.Human Rights Watch ұйымы милицияның қолынан зардап шеккендер туралы мәліметтер таратты. Оның ақпары бойынша, өткен аптада жүздеген демонстрант пен журналист таяққа жығылған. Автомайдан белсенділер желісінің жетекшісі Дмитрий Булатов сияқты ондаған адам жоғалғандар есебінде тұр.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Azattyg.org

Фото: Hvylya.org

Соңғы жаңалықтар