Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері жастар қанаты басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚХА мүшелері, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері, еріктілер және т.б. қатысты.
Өз сөзінде Парламент Мәжілісінің депутаты В.Нәбиев Қазақстан халқы Ассамблеясының жастарын Мемлекет басшысының Жолдауын белсенді түрде қолдауға және онда қамтылған мәселелерді бірлесе іске асыруға шақырды.
Отырыс барысында Президент Жолдауы біздің қоғамның ең өткір және шұғыл мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралардың ойластырылған және шынайы кешені екендігі айтылды. Қазақстанның барлық азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарта түсу, елімізді дамыту алға қойылған негізгі стратегиялық мақсаттарды өз деңгейінде іске асыруға байланысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар дәстүрлі диалог пен азаматтық қатысудың, біздің ішкі ынтымағымыз бен қоғам бірлігінің негізінде жатқан прогрессивті құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Отырыс барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету мен іске асыруда және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда ҚХА алдында тұрған өзекті міндеттерді қарастырды.