• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қыркүйек, 2021

Әуе көлігі инфрақұрылымының әлеуеті артады

798 рет
көрсетілді

Қазақстанда әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту жұ­мыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Өскемен қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы қайта жаңартылуда.

Жобада жолақтарды 300 метр­ге ұзарту және әуе ке­ме­­ле­рінің қазіргі заманғы үл­гі­ле­рін қабылдау үшін жарық-ды­быс жабдықтарын ауыстыру көз­делген.

Жеке инвестициялар есе­бі­нен Шымкент қаласы әуе­жа­йының жаңа терминалы сал­ы­­нып жа­тыр. Нәтижесінде, тер­­минал алаңы 3,8 мың шаршы метрден 35 мың шаршы метр­ге дейін кеңейіп, өткізу қабілеті сағатына 150-ден 2 мың жо­лаушыға дейін артады. Жаңа тер­минал халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Бұл мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы жағдай жасайды.

Батыс Қазақстан облы­сы­ның әкімдігі жеке инвестиция­лар­ды тарта отырып, Орал қа­ла­сы әуе­жайының аэровок­зал ке­ше­нін жаңғыртып жатыр. Тер­минал аумағы екі еседен астам ұлғайтылып, өткізу қа­бі­леті са­ғатына 100-ден 200 жолау­шыға дейін жеткізіледі.

Аталған жобалар бойын­ша құ­рылыс жұмыстарын 2021 жыл­­дың соңында және ке­­­ле­­сі жылдың бірінші жар­ты­­­жыл­­­­дығына аяқтау жос­пар­лан­ған.

Алакөл көлінің туристік орта­лығына көлікпен барып қай­туды қолайлы ету мақ­са­тында Үржар ауылының ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын реконструкциялау жұмыстарын биыл аяқтау жос­парлануда. Сондай-ақ Үшарал қаласы әуе­жайының ұшу-қону жолағын, рөл­деу жолын және перронын реконструкциялау жұмыстары басталды.

Осы жобаларды іске асыру әуежайлардың жерүсті ин­фр­а­құрылымын жақсартып, қауіп­сіздік және қызмет көрсету стан­дарттарын арттыруға ық­пал етеді.

 

«Егемен-ақпарат»