• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Қыркүйек, 2021

Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды

610 рет
көрсетілді

Қазгидромет 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуімен, ҚР солтүстік-батысында, солтүстік, шығыс, оңтүстік және орталығында жаңбыр жауып, найзағай, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының орталығында қатты жаңбыр жауады.

Казақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде - тұман, солтүстік, шығыс және орталығында - бұршақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында – найзағай, түнде және таңертең шығыста тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіліп, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батыс және солтүстігінде найзағай, күндіз солтүстігінде – бұршақ, батыс, солтүстік және орталығында – желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында - найзағай, түнде облыстың солтүстік-шығысында – тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысында желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20, солтүстік және оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Түнде Қызылорда облысының солтүстік-батысында – найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысында желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с, облыстың солтүстігі және батысында шаңды дауыл соғады.

Түнде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтобе, Қостанай облыстарының солтүстігі және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.