• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде карантин талаптары өзгерді

123 рет
көрсетілді

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24 қаулысына өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

«Ақтөбе облысының аумағына шетелдік студенттерге:

- Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес құжаттардың үлгілері бойынша Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасының уәкілетті органы берген вакцинация паспортымен/сертификатымен/анықтамасымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау;

-  Ақтөбе облысының санитариялық-карантиндік пункттері арқылы өткізу пункттерін кесіп өту сәтінде алған кезден бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі болған жағдайда келуге рұқсат етсін», деп жазылған жаңа Қаулыда.

Құжаттың толық нұсқасын облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында оқуға болады.