• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қыркүйек, 2021

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Данияға есе жіберді

248 рет
көрсетілді

Жастар арасындағы Европа біріншілігінің (U-21) іріктеу турнирінде Қазақстанның футболшылары өз алаңында Дания құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтандағы «Астана Аренада» өткен матчты біздің жігіттер жап-жақсы бастаған еді. Азулы қарсыласының екіпінді шабуылына тойтарыс беріп қана қоймай, ара-тұра өздері де қауіпті жағдай тудырды. Бірақ бәсекенің 78-минутында қонақтар көздеген мақсаттарына қол жеткізді. Бұл голдың авторы – Вильям Вик. Ол аздай, кездесудің соңына қарай екінші рет сары қағаз алғаны үшін Сағи Совет алаңнан қуылды. Сөйтіп, бұл ойында жерлестеріміз 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Іріктеу турнирінің екінші турынан кейін бұл топта Бельгия жеке-дара көш бастап тұр. Екі кездесуден кейін олар 6 ұпайды олжалауда. Екінші орында – Дания. Олардың еншісінде – 3 ұпай.