• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қыркүйек, 2021

Ресейдегі тұрғын үйде жарылыс болды

212 рет
көрсетілді

Ногинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды. Салдарынан зардап шеккендердің саны сегіз адамға жеткен. Оның ішінде екі бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz Мәскеу облысы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Олардың барлығы медициналық көмек көрсету үшін Ногинск ауруханасына жатқызылды», делінген хабарламада. 

Жарылыс Ногинск қаласының 28 маусым көшесі, 9а мекенжайында орналасқан ғимаратта болған. Ғимараттың екінші, үшінші  және төртінші қабаты жартылай опырылып түскен. Оқиға орнынан 170-тен астам адам эвакуацияланды.

Ресейлік кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жарақат алғандардың арасында бір адам реанимацияда жатқанын жазды.