• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қыркүйек, 2021

Ақтауда автокөлік өртеніп кетті

292 рет
көрсетілді

Бүгін Ақтауда 29 шағынаудан 27 үйдің алдында Hyunday accent автокөлігі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Mangystaumedia.kz сайтының жазуынша оқиға сағат 09:39-да болған. Өрт шамамен сағат 09:49-да тоқтатылды.

«Өрт сөндіру жұмыстарына МО ТЖД-нің Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінен 9 қызметкер, 2 дана техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», дейді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіндегілер.