Байқоңыр ғарыш айлағынан алдағы екі айда «Союз» зымыран-тасығыштарын кемінде үш рет ұшыру жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
2021 жылғы 14 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағының «Восток» ұшыру кешенінен «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы ұшырылады. Ол OneWeb еуропалық төмен орбиталық спутниктерінің кезекті партиясын орбитаға шығаруға тиіс. One Web спутниктерінің алдыңғы топтамасы Байқоңырдан 2021 жылдың 22 тамызында сәтті ұшырылды.
Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 7 қыркүйекте бас ағытқыштың астындағы «Фрегат» үдеткіш блогына орнатылған 34 ғарыш аппараттарының жиынтығы № 31 алаңға тасымалданды, онда ғарыштық бас бөлігі зымыранның үшінші сатысымен түйісетін болады.
Байқоңыр ғарыш айлағының 254-ші алаңының вакуумдық камерасында 2021 жылғы 5 қазанда Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) 66-шы негізгі экспедицияға қатысушыларды жеткізуге арналған «Союз МС-19» көліктік басқарылатын кемесінің пневмовакуумдық сынақтары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Байқоңыр ғарыш айлағының № 254 алаңының монтаждау-сынау корпусында «Прогресс МС-18» көліктік жүк кемесін сынаудың қорытынды кезеңі басталды, оны халықаралық ғарыш станциясын жабдықтаудың 79-шы миссиясының бағдарламасы бойынша ұшыру 2021 жылғы қазан айының соңына жоспарланған.