• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2014

Білім – ұлт болашағының іргетасы

772 рет
көрсетілді

Парламент па­ла­та­лары­ның бірлескен отыры­сында жарияланған Қа­зақ­­стан Рес­публикасының Пре­зи­денті – Елбасы Н.Ә.На­зар­баевтың «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» ат­ты «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын жүзеге асыру туралы Қазақстан хал­қына жолдаған Жолдауы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымына тың серпіліс әкелді.

 

Парламент па­ла­та­лары­ның бірлескен отыры­сында жарияланған Қа­зақ­­стан Рес­публикасының Пре­зи­денті – Елбасы Н.Ә.На­зар­баевтың «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» ат­ты «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын жүзеге асыру туралы Қазақстан хал­қына жолдаған Жолдауы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымына тың серпіліс әкелді.

Жолдауда қазақстандықтардың әл-ау­қатын арттырудың бірден-бір жолы білім­ділікке ұмтылыс болу керектігі атай отырылып, білім беру сапасын арттыруға жан-жақты және аса мән берілуі қажеттігі пысықталды. Әсіресе, педагогикалық институттардың қызметіне ыждағаттылықпен қарауды тапсырған Елбасы нұсқауын біздің ұжым асқан жылылықпен қабылдады.

Болашақтың тұтқасы жастар болса, олардың саналы да ұлтжанды азаматтық болмысының қалыптасу негізі – мектеп. Ал ұстаз – мектептің жүрегі! Мұғалім баланы оқытып қана қоймайды, тәрбиелеп, дамытады да. Ал осыдан-ақ бір басында сан мамандық түйіскен ұстаз жүгін өзіңіз салмақтай беріңіз... Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің шеңбері білім берумен қатар, баланың жеке басын дамыту және тәрбие үрдісін басқаруды қамтитынын тұжырымдамалық тұрғыда негіздеген біздің институттың ұстаздары болашақ маманның педагогикалық портретінің қалыптасуына ЖОО-дағы академиялық кезеңнің маңызы ерекше деп санайды. Сондықтан оқу орнымызда білімгерлердің рухани-адамгершілік дамуы­на әрі олардың, Елбасы атап көрсеткендей «жаңарған қоғамда табысты болуларына» ерекше ден қойылған. Осы ретте білім бағытындағы 24 мамандықтың оқу жос­парына «Білім беру сала­сындағы акмеология», «Ген­дерлік саясат негіздері», «Өл­кетану», «Өзін-өзі тану» пән­дерінің ендірілгені бір ғана мысал.

ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуір­леу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кез­де мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіп­сіздігін қамтамасыз етуде, сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады. Елімізде уақытпен үндес жүзеге асырылып жатқан көптеген жаңарулар мен жаңғырулар үрдісінің көшбасшысы бола отырып, мемлекетті, оның негізгі байлығын құраушы күш – қазақстандықтарды жаңа сапалы деңгейге көтеруді мұрат тұтқан «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру тетіктері осы жолғы «Қазақстан жо­лы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бола­шақ» атты Жолдауда арнайы талданды. Қазақ­станның халықаралық аренадағы орны оның географиялық, саяси-экономикалық әлеуетімен ғана емес, рухани-әлеуметтік жағ­дайымен де ерекшеленетін болуы керек­тігі туралы баса айтқан Н.Назарбаев сөзі әлеуметтік сала қызметкерлерімен қатар, жо­ғары мектеп педагогтарына да үлкен ой салды. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы адами капиталды өрістетуге бағытталған осы Жолдауды білім қуаты арқылы қоғамды әлеуметтік жаңғырту жолы ретінде таниды.

Махаббат ОСПАНБАЕВА,

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

педагогика факультетінің деканы.

Соңғы жаңалықтар