• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қыркүйек, 2021

«Талибан» Ауғанстанда жалпыға ортақ сайлау өткізбек

193 рет
көрсетілді

Ауғанстанда билікті басып алған радикалды «Талибан» қозғалысы елдегі қалың бұқара топтарының қатысуымен жалпыға ортақ сайлау өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы мәлім етті.

«Ауған қоғамының кең ауқымын қамтитын жалпыға ортақ сайлау өткізу жоспарлануда.  «Біз халық бұқара топтарын және талибан мүшелері емес талантты адамдарды тартуға тырысамыз», деген «Ауғанстан Ислам Әмірлігі» (тәліптердің атауы) Ақпарат және мәдениет министрлігі өкілінің сөзін келтіреді телеарна.

Сейсенбіде радикалдар жариялаған уақытша үкіметтің құрамы туралы айтатын болсақ, оған негізінен пуштундар кірді. Дегенмен, аталған ведомство өкілінің айтуынша, тәлібтер үшін маңыздысы - министрлер кабинеті мүшелерінің этникалық шығу тегі емес, қабілеттілігі.