• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қыркүйек, 2021

Өзбекстан шетел азаматтарына электронды виза беруді уақытша тоқтатты

377 рет
көрсетілді

6 қыркүйектен бастап Өзбекстан электронды виза беруді уақытша тоқтатты. Бұл жөнінде Өзбекстанның СІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министрліктің хабарлауынша, бұл шара e-visa.gov.uz жүйесіндегі профилактикалық жұмыстарға байланысты. Бірақ қашан іске қосылатыны айтылмайды.

Электронды виза бірқатар елдердің азаматтарына жеңілдетілген виза ретінде беріледі.

«Бұл құжатты Өзбекстанға баруды жоспарлаған шетел азаматтары ғана ала алады. Ол үшін барудан үш күн бұрын электронды портал арқылы өтініш түсіру керек», деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.