• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қыркүйек, 2021

«Астана» велошабандозы Еуропа чемпионы атанды

233 рет
көрсетілді

Италияның Трентино қаласында велоспорт бойынша 2021 жылғы Еуропа чемпионаты басталды, деп жазады Egemen.kz.

Жарыстың бірінші күнінде 44,8 шақырымдық аралас эстафетада командалық жарыс өтті, финалдағы ең жақсы нәтижені астаналық велокоманданың мүшесі Маттео Собреро кірген Италия құрамасы көрсетті (51:59). Екінші және үшінші орындарды тиісінше немістер (52:20) мен голландиялықтар (52:25) алады.

«Біздің велошабандоз Маттео Собрро велоспорт бойынша 2021 жылғы Еуропа чемпионатының аралас эстафетасында Италия құрамасымен бірге алтын медальді жеңіп алды!», деп жазылған Astana ресми аккаунтында.