• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қыркүйек, 2021

Әскери зауытта тағы да жарылыс болды

221 рет
көрсетілді

Польшаның Скаржиско-Каменна қаласындағы Меско поляк әскери кәсіпорнында жарылыс болды. Салдарынан бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Европейская правда» газетінің хабарлауынша, полиция оқиғаның мән-жайы туралы әлі толық ақпарат берген жоқ. 

Полицияның баспасөз қызметі жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6 шамасында болғанын, қазір оқиға орнында сот-медициналық сарапшылар жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Зауыттағы кәсіподақ өкілі тасымалдау кезінде дәлізде жарылғыш заттың жарылғанын айтты. Бұл зауыттағы адам өліміне әкелген бір жылдағы екінші оқиға. 

Еске салайық, сәуірде жарылғыш заттар шығарылатын ғимаратта жарылыс болған еді. 48 жастағы әйел ауыр жарақат алып, үш айдан кейін ауруханада көз жұмған.