• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қыркүйек, 2021

Ақылы жолмен жүру тарифі өзгере ме?

347 рет
көрсетілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі жөнінде сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақылы жолмен жүру тарифі 2013 жылы бекітілген. Содан бері бұл тариф өзгерген жоқ және алдағы уақытта өзгермейді де», деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырымына 1 теңгені, ауыр жүк көліктері үшін 1 шақырымына жүк сыйымдылығына байланысты 5 теңгеден 25 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Ал көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді.

Еуропа елдеріндегі тарифтер жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары.