• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанда тәліптер журналистерді соққыға жықты

182 рет
көрсетілді

«Талибан» қозғалысының содырлары Кабулда әйелдердің наразылыққа шыққанын жариялағаны үшін екі ауған журналисін ұрып-соққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

Агенттік мәліметінше, содырлар журналистерді репортаж жасап жатқан жерінен ұстап, кейін оларды қамшымен аяусыз сабаған.

Etilaat Roz газетінің негізін қалаушы және бас редакторы әлеуметтік желілерде екі тілшінің суреттерін бөліскен. Олардың бірінің белі мен аяғында үлкен қызыл іздер бар, екіншісінің иығында және қолында.   «Бес әріптесіміз тергеу изоляторында төрт сағаттан артық отырды және осы төрт сағат ішінде екеуін ұрып-соғып қатты азаптаған», деді редактор.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

«Etilaat Roz газетінің журналистері тәліптер ұстағаннан кейін соққыға жығылды. Екі тілшінің басында, бетінде және денесінде қамшының іздері бар», делінген ресми хабарламада.

Жақында ауған әйелдері ел басқаруға қатыстыруды талап етіп наразылыққа шыққан болатын. Ал, тәліптер уақытша үкіметтің құрамын жариялап, әйелдер билікте бола алмайтынын айтқан.

Бұл ауған халқы жаңа билік саясатына наразылық білдірген алғашқы акция емес. Жетінші қыркүйекте Кабул тұрғындары Пәкістанның ведомствоаралық барлау басшысы Фаиз Хамидтің қалаға келуінен кейін көшеге шықты. Наразылық білдірушілердің көпшілігі - әйелдер. Акцияны тарату үшін тәліптер от жағып, қатысушыларды таяқпен ұрғаны туралы хабарланды. Сол күні наразылықтар Кабулдың солтүстігіндегі Парван провинциясында, сондай-ақ елдің батысындағы провинция орталығы Гератта болды.