• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2014

Өскеменде құрылыс басқармасы бастығының орынбасары парамен ұсталды

241 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 2 млн.теңге парамен ұсталды. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Құрманғалиев бір құрылыс компаниясының басшысына пара берсе «қамқорлығына алатынын» айтқан екен. Кәсіпкер бастапқыда шендінің бұл ұсынысына келіскенімен, кейін оны қаржы полициясына ұстап беруге әрекет жасапты.

«Дәурен Құрманғалиев облыстағы бір кәсіпкерді мемлекеттік сатып алу конкурсынан кедергісіз өткізу үшін 2 млн.теңге пара алған. Сондай-ақ ол кәсіпкердің мердігерді таңдауына кедергі келтірген. Күдікті өз кінәсін толық мойындағандықтан, тергеу өндірісі жеңілдетілген тәртіп бойынша жүргізілді. Қазір іс сотқа жолданды»,  - дейді облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының бірінші орынбасары Руслан Күдешов.

Айта кетерлігі, қолға түскен шенеуніктің орынбасар қызметін атқарғанына бар болғаны 3 ай толған екен. Енді оған пара әкеліп берген жүргізушісі де жауапқа тартылады.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Gazeta.kz.

Фото: Novostiua.net.