• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қыркүйек, 2021

Ауласында есірткі өсірген қызылордалық ұсталды

246 рет
көрсетілді

Қызылордада өзінің ауласында 105 түп сора еккен 62 жастағы қала тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық полицейлер қала аумағында «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасын рейд жүргізген болатын. Нәтижесінде үйінің ауласында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген 62 жастағы қала тұрғыны ұсталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Ол кісінің ауласынан 105 түп сора өсімдігі табылып, айғақ зат ретінде тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, ол сора есірткісі болып шықты. Аталған жәйт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.