• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Қыркүйек, 2021

Қызылордада мұғалімдердің 95 пайызы вакцина салдырған

268 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында жалпы білім беретін мектептердегі 22180 мұғалімнің 95%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2020-2021 оқу жылында мұғалімдер арасында коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 108 жағдайы тіркелді. Оның 40%-ы – оффлайн форматта сабақ берген педагогтар.

«Ал жаңа оқу жылының басынан бүгінгі күнге дейін 22 мұғалім вирус жұқтырды. Дегенмен олардың 17-ісі мектеппен байланысты емес. Себебі, еңбек және бала күтіміне байланысты демалысы кезінде үй ошағындағы қарым-қатынастар арқылы жұқтырған. Олар білім беру ұйымына бармаған. Ал 5 жағдай жаңа оқу жылын оффлайн форматта бастаған оқытушылар арасында анықталды», деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Алмаш Шуақбаева.

Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалды. Еске салсақ, Қызылордада жаңа оқу жылында 102 оқушы коронавирус жұқтырды.