• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қыркүйек, 2021

«Тарихтағы ең қаралы күндердің бірі» - Тоқаев АҚШ-тағы террорлық шабуылдар туралы айтты

472 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдың 20 жылдығына орай Америка халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз», деді Мемлекет басшысы Twitter-де.

Сондай-ақ, Президент Қазақстан терроризммен күресте халықаралық қауымдастықты қолдайтынын айтты.

«Адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың жадында берік сақталған.

Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы», деді Тоқаев.

Еске салайық, осыдан 20 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та адамзат тарихындағы ең ірі террористік шабуылдардың бірі болды. Үш мыңға жуық адам қаза тапты. Екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларын тас-талқан етті, үшіншісі Пентагон ғимаратына құлады, ал тағы біреуі Пенсильваниядағы Шанксвилл маңына түсті.