АҚШ Құпия қызметі 2001 жылғы 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған террорлық шабуыл кезінде түсірілген, бұрын соңды жарияланбаған суреттерді көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы АҚШ құпия қызметінің Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.
Кадрларды қайғылы оқиға орнында жұмыс істеген қызметкерлер түсірген.
«Ешқашан ұмытпаймыз», делінген сурет сипаттамасында. Осыдан 20 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та адамзат тарихындағы ең ірі террористік шабуылдардың бірі болды. Үш мыңға жуық адам қаза тапты. Екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларын тас-талқан етті, үшіншісі Пентагон ғимаратына құлады, ал тағы біреуі Пенсильваниядағы Шанксвилл маңына түсті. Лаңкестік әрекетті «Әл-Каида» экстремистік тобы жоспарлаған.