Италияның Римини қаласында 5 жергілікті тұрғынды пышақтаған ер адам ұсталды. Бұл туралы сенбі күні ANSA агенттігі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Агенттіктің дерегіне сәйкес, ер адам — сомалилік. Автобус аялдамасында бақылаушы одан билет сұраған, ол пышағын алып, екі бақылаушыны да пышақтаған.
Кейін полициядан қашып бара жатып үш адамды, соның ішінде баласы бар әйелді жарақаттаған. Ер адам қамауға алынды. Жергілікті прокуратура тергеу бастады.