• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Қыркүйек, 2021

Солтүстік өңірлерде үсік жүреді

668 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында үсік болады деп ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет мәліметінше, 13 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-батысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде облыстың оңтүстік жартысында 2 градус үсік күтіледі. 

Нұр-Сұлтанда 13 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

13 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында күші секундына 15-20 метр болады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады. Облыс көлемінде төтенше өрт қауіпі сақталады.